Біздің мектепте жыл сайын педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі. Бұл – әрбір мұғалім үшін бес жылда бір рет курстан өтуге міндетті талап, оның нәтижесінде қазіргі білім беру талаптарына сай өзекті білімдер мен дағдылар алынады.
Мектебіміздің мұғалімдері білім алуға белсенді қатысып, жаңа әдістемелерді, педагогикалық технологияларды меңгеріп, цифрлық және коммуникативтік құзыреттерін дамытады. Бұл оларға білім беру процесін тиімді ұйымдастыруға, жаңашылдықты енгізуге және заманауи талаптарға сай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Мектебімізде мұғалімдердің біліктілікті арттыру курстарымен қамтылуы 100 пайызды құрайды. Бұл – ұжымның кәсіби жауапкершілігі жоғары екенін және үнемі дамуға ұмтылатынын дәлелдейді.
Атап айтсақ, Украинец Т.И. және Сапабек М.К. 2025 жылдың 7–18 сәуірі аралығында **«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында біліктілікті арттыру курсынан өтіп келді.