2025 жылғы 20 наурызда Zoom платформасында «Өсу нүктесі» федералдық жобасын жүзеге асыру аясында жоспарлы онлайн-кездесу өтті. Іс-шараға жобаға қатысушы мектептер, оның ішінде жетекші мектеп ретінде біздің білім беру ұйымымыз да қатысты.
Кездесуде үшінші тоқсанның қорытындылары, білім сапасы, пәндерді оқытудағы оң және теріс жақтар, үлгерімі төмен сыныптар талқыланды. Сондай-ақ білім сапасын арттыру, педагогикалық тәжірибе алмасу және ағымдағы нәтижелерді талдау мәселелері қозғалды.
Біздің мектебіміз жақсы нәтиже көрсетті — білім сапасы 70,13% құрады. Тоқсан қорытындысы бойынша тек бір оқушы — Төребек Айзере— бір ғана үштік бағамен оқып шықты, ал қалған оқушылар жақсы және үздік нәтижелер көрсетті.Зерноград және Бірсуат ауылдарының мектептері де жоғары нәтиже көрсетті — бұл мектептерде бір үштікпен немесе бір төрттікпен оқитын оқушылар болмады. Бұл — оқушылардың білім деңгейінің жоғары екенінің айғағы.
Кездесу іскерлік әрі нәтижелі жағдайда өтті, қатысушылар алдағы уақытта табысты тәжірибелермен алмасуды жалғастыруға уағдаласты.