5 мамырда Көкшетау қаласында 5–6 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Бұл білім додасына Ақмола облысының барлық аудандарынан оқушылар қатысып, өз білімдерін сынады.
Осы олимпиадада «Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 6-сынып оқушысы Мақсұт Ұлықпан ерекше білімділігімен көзге түсіп, жүлделі III орынға ие болды. Ұлықпан олимпиаданың жоғары деңгейде өткенін және күрделі тапсырмалар арқылы білімін шыңдай түскенін атап өтті.
Оқушымыздың осындай жетістікке жетуіне білімге деген құштарлығы мен табандылығы себеп болса, екінші жағынан, оның дайындығына үлкен үлес қосқан ұстазы — Қызырова Б.С. болды. Ұстаз бен шәкірттің ерен еңбегі осындай нәтижеге алып келді.
Мектеп ұжымы мақтан тұтар оқушымызға келешекте де биік белестерден көріне беруді, білім жолында талмай ізденіп, асыл армандарына жете беруді тілейді!