Мамыр – бұл жай ғана демалыс күні емес, бұл – еліміздегі әртүрлі ұлт өкілдерінің татулығын, достығын, ынтымағын паш ететін ерекше мереке. Бұл күн – барша қазақстандықтар үшін маңызды, себебі ол көпұлтты еліміздің біртұтастығын, ортақ мақсатқа ұмтылысын білдіреді. Бұл күні әрбір азамат өзін үлкен бір отбасын құрайтын елдің тең құқылы мүшесі ретінде сезінеді.
Мереке қарсаңында мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шара барысында мектеп директоры Мұқамажитова Қ.З. құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларды мерекемен шын жүректен құттықтады. Ол бірлік пен татулықтың ел болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті.
Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстан халқының бірлігі, еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың татулығы туралы ақпараттық мәліметтер берілді. Оқушылар әртүрлі ұлттардың мәдениетімен танысып, ұлттық киімдермен танысты. Сондай-ақ, мерекеге орай ұйымдастырылған концерттік бағдарламада түрлі би, ән және көркем өнер нөмірлері орындалып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Бұл шара оқушылардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, достық пен татулықты бағалауға үйретті.