Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі" ММ "Тасты -Талды ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ нің дене шынықтыру пәні мұғалімі Аргимбеков Ермұхан Зилгариновичті "Үздік денешынықтыру пәні мұғалімі-2021" аудандық байқауында жүлделі 3 орын алғаны үшін Мадақтамамен марапаттады.
Ермұхан Зилгаринович қатардағы үздік, белсенді, қызметіне адал педагогтардың бірі деп мақтанышпен айта аламыз. Қызмет жолында оқушыларға жақсы тәрбие мен білім беруде аянбай еңбек етіп келеді. Сабақта қолданатын әдістемелік технологиясы жаңашыл әрі қызықты. Болашақта бәсекеге қабілетті, жан жақты азамат пен азаматшыларды тәрбиелеуде жоғарыдан көрінуде. Осындай аудан көлемінде жүлделі 3 орын алып, үлкен жетістікке жеткенімен әкімшілік атынан құттықтаймыз және кәсіподақ атынан алғыс жариялаймыз.