Текст
«Тасты-Талды ауылының ЖОББМ» КММ «Наурызнама» концепциясын жүзеге асыру мақсатында бүгінгі күнді «Қош келдің, әз - Наурыз!» атты көрмесінің ашылуымен бастады. Бұл көрмеге мектебіміздің барлық оқушылары мен мектеп ұжымы қатысты.
Мақсаты: Қазақи нақыштағы, ұлттық стильдегі және этно бұйымдарды дәріптей отырып, жасалу жолдарын таныту. Оқушылар мен ұжым қызметкерлерін өз қолымен шығармашылықпен бұйым дайындауға, жасауға баулу. Оюдың қиылу тәсілі мен орналастырылуын анықтай білуге үйрету.
Жасалған бұйымдар бірінен – бірі өткен жарасымдылықпен дайындалған. Көрмеге қойылған бұйымдар көпшіліктің көңілінен шықты. Кез келген көрерменді таңғалдырары анық бұйымдар болды! Мектеп оқушылары мен мектеп ұжымына алғысымызды білдіреміз!