Текст
26.03-01.04.21ж аралығында Өзін-өзі тану пәнінен аудандық қашықтықтан бейне сабақтар байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты- өзін өзі тану адамгершілік- рухани білім беруді оқытудың заманауи білім беру және ақпараттық коммуникациялық технологияларын қолдану тәжірибесін тарату, педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамыту болып табылады. Аталған байқауға мектебімізден екі ұстаз қатысты. Байқау нәтижесі бойынша Бейсенова М.М 2-ші орын, Есенгазина Л.Ш 3-ші орын иеленді. Әріптестерімізге шығармашылық табыс тілейміз.