"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиетінен академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиадасы

27.02.2025

Қазақ тілі мен әдебиетінен академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиадасы 

Олимпиада мақсаты- Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.

Олимпиаданың негізгі міндеттері: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету; патриотизмді, азаматшылықты дамыту, ұлттық мәдениетке, дәстүрлерге деген құрметті дәріптеу; оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Олимпиадаға қазақ тілінде білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары ерікті түрде қатысады. Олимпиада 2 айналымда өткізіледі:

1 айналым – жазбаша – эссе;

2 айналым – ауызша – қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ.О. Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін білу бойынша сұрақтарға жауап береді.

Қазақ тілі мен әдебиетінен  Қ. Бітібаева атындағы облыстық олимпиаданың аудандық кезеңіне «Тасты-Талды ауылының ЖОББМ» КММ нің 11"А"сынып оқушысы Сагынбаева Сымбат қатысып, жүлделі 1-ші орын иеленді. (Жетекшісі: Нуралина А.Т) Сымбат енді облыстық байқауға қатысып, аудан намысын қорғамақ. Сымбатқа тек жеңіс тілейміз!

Просмотров: 89


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст