Текст
"Тасты-Талды ауылының ЖОББМ" КММ - нде 27-31.01 аралығында "Есірткіге - жол жоқ" тақырыбында апталық өтуде. Осы апталық аясында ауыл емханасының балалар мейірбикесі Сания Сарсековна Андамасова оқушыларға "Есірткі-жас өмірді улаушы" тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс мазмұны кез келген жаман әдеттерден саналы түрде бас тарту, оның берер залалы туралы мағыналы, танымды болды. Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды.