"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурыз мерекесі қарсаңында "Ұлттық киімді дәріптейміз!" атты челлендж

25.03.2021

Мектебіміздің педагогикалық ұжымы Наурыз мейрамы қарсаңында "Ұлттық киімді дәріптейміз!" атты видеочелленджге қатысты. Жұмысқа бір апта бойы ұлттық киімдермен келіп, көз тамсандырды. Осы дайындалған видеочеллендж әлеуметтік желілерде орын алды.

Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды!

Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.
Уа, ағайын халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтын
Наурыз тойы бастайық!
Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.
Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.
Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қаутышты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты
Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.
Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Наурыз келді сан құрып
Жасарып жаңғырып
Құлпырды жер мен көк
Мейрім таң күліп.
 
Наурыз тойы — салтанат,
Наурыз тойы — мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден –
Құтты болсын, Наурыз!
Ақ қар кетіп қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп.
Шаруаның ұлы кенелген.
Күн мейрамы ежелден –
Құтты болсың бұл Наурыз!
Наурыз – бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкелсін.
Просмотров: 141


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст