Текст
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының "Еңбегі адал-жас өрен" жобасын жүзеге асыру мақсатында мектебімізде "Бүгінгі оқушы - ертеңгі студент" тақырыбында кездесу кеші өтті. Кездесуге студенттер шақырылып, 8-11 сынып оқушылары қатысты. Кездесу кеші мектеп директоры Мукамажитова К.З жылы лебізімен басталып, мектеп психологы Тиленова А.С. атмосфералық ахуалды ойындарымен жалғасты. Мектебіміздің ДТІЖО жүргізуімен қызықты тапсырмалар және креативті сұрақтары арқылы, оқушылар мен студенттер арасындағы байланыс өз жолын тапты.
Студенттер оқушыларға өз тәжірибесінен ақыл - кеңестерімен бөлісті. Кездесу кеші болашақта жалғасын табады деген үміттеміз!