Текст
Бүгін мектебімізде 1сынып оқушыларына арналған "Рахмет саған, Әліппе!"атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды . Іс-шарада оқушылар әліппеден алған білімдерін көрсетіп, сөздерді оқып,буындарға бөліп тапсырмаларды орындады. Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы шағын көрініс көрсетті. Оқушылар осы жерде дыбыстарды ажыратып, дыбыстардан буындар құралатынын, буыннан сөздер, сөздерден сөйлемдер құралатынын қалай меңгергендерін көрсетті. Мерекелік іс-шара соңында сынып жетекшісі Әліппені жақсы оқығандары үшін мақтау қағазымен марапаттап,оқушыларға естелік ретінде күнтізбе табыс етті.
Өткізген: Хамзина Ф.С.