Текст
Бүгін "Тасты-Талды ауылының ЖОББ" мектебінде 4 "Б" сыныбында "Кондитерлік фабрикада" атты қазақ тілі сабағы өтті.Сабақта пән мұғалімі Акбасова Мейрамгуль Тугеловна кондитерлік фабрикада не дайындалатыны және балалардың сүйіп жейтін тәтті бәліштерінің қалай дайындалатыны жөнінде түсіндіріп өтті.Сабақ барысында жаңа сөздерді ұғыну мақсатында диалог құрастырып, мәтін бойынша " дұрыс" және " бұрыс" тапсырмаларын орындады.Оқушыларға қызықты болғаны бір сүйікті тортының дайындалу процесін топпен бірге айту.Сабақ соңында оқушылар жұмыстарын қорғап, жақсы бағаға ие болды.