Текст
Өткен аптада аудандық "Тіл дарын" жалпы білім беретін мектептер оқушылары үшін ұйымдастырылған салт-дәстүр, тарих және үш тілде ауызша, жазбаша тапсырмаларды қамтыған байқау өтті. Аталған байқауға мектебімізден 8 "Б" сынып оқушысы Мумладзе Георгий белсене қатысты. Оқушы барлық тапсырманы жақсы орындап, байқаудың шарттарын орындап, білімін үш тілде жеткізе алды. Байқаудың нәтижесі бойынша Мумладзе Георгий жүлделі III орынды иеленді. Байқауға аудан мектептерінен барлығы 18 оқушы қатысып, бақтарын сынады.