Бүгін, 29.10.24ж мектебімізде жоспар бойынша әдістемелік кеңес өткізілді. ӘК тақырыбы: «Оқу жылының І тоқсан қорытындысында анықталған кемшіліктерді жою жолдары». Оқу ісінің меңгерушілері басында кішкене сергіту сәтін ұйымдастырып, жұмысқа деген құлшынысты арттырып, көңіл-күйді бір серпілтіп алды. Ары қарай негізгі жұмысқа көшкен мұғалімдер топтық жұмысқа атсалысып, кішкенеден үлкенге қарай қадам басты. Яғни, оқушылардың (жекелеген) оқу сапасын арттыру сыныптың жалпы оқу сапасын арттыру жалпы мектептің оқу сапасын арттыру жолдарын талдады. Оқушыны ынталандыратын не? Оқу сапасы неге байланысты? Қандай әдістемелік тәсілдер оқу сапасын көтеруге ықпал етеді? деген сұрақтарға жауап іздеді, ойларын ортаға салды, қорғады.