Тасты-Талды орта мектебінің 18-29 қаңтар аралығында өткен
гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігінің қорытындысы
Мектебімізде 18-29 қаңтар аралығында гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі өтті. Әлемді жаулаған пандемияға байланысты биылғы жылғы онкүндік көптеген шектеулермен өткізілді. Арнайы онкүндіктің ашылу салтанаты өткізілмесе де, әр сыныппен «Бір сынып - бір мұғалім» қағидасын ұстана отырып іс-шаралар өткізілді.Арнайы құрылған жоспар бойынша пән мұғалімдері өздерінің іс-шараларын өткізді.
18 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жунусова М.Ш. 11 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Білгірлер отауы» сайысын өткізді. Аталмыш сайыста оқушылыр қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша алған білімдерін жүйелеп, өздік пікірлерін, өзіндік ойлау қабілеттерін қалыптастырып, теориялық білімдерін практикамен ұштастырды. Оқушылырдың байқағыштық, тапқырлық, жылдамдық, ұтқырлық, ойлау қабілеттері сыналды.
19 ақпан күні қазақ тілі пәнінің мұғалімі Нуралина А.Т. ұйымдастыруымен 6-7 «А» сыныптар арасында «Қызықты қазақ тілі әлемі» атты сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу болды. Оқушылар: «Тездет, бірақ қателеспе!», «Ұшқыр ой», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Тапқыр болсаң, талас жоқ» бөлімдері бойынша қызықты сұрақтар мен пән бойынша құрастырылған тапсырмаларға жауап берді.
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Доспаева В.Т. гуманитарлық пәндер апталығында орта және жоғары сынып оқушылары үшін қызықты да интеллектуалды ойындар ұйымдастырды. 20 қаңтар күні 9 «А» сыныбында «I want to be a millionaire» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Ойынға барлық оқушылар белсене қатысты.Ойын бірнеше турлар мен деңгейлі тапсырмалардан құралды. Арнайы екі оқушыдан құралған әділқазылар алқасы болды, ойын мазмұны оқу бағдарламасына сәйкес грамматика, лексика, елтанудан сұрақтар мен видеотапсырмалар болды. Оқушылар алған білімдерін ойында өте тиімді қолдана алды.
Онкүндіктің төртінші күні, 21 қаңтар күні 7 «А» сыныбында орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі Есенғазы Э.Қ. «Своя игра» атты интеллектуалды ойынын өткізді. Ойын 6 раундтан тұрды. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, әр түрлі тапсырмалар орындады. Ойынның мақсаты: Орыс тілінің негізгі бөлімдері бойынша өтілген материалды қайталау және қорытындылау, логикалық ойлау қабілетін дамыту болды. Іс-шараның соңында өткізу мақсатына толық қол жеткізілді.
Онкүндікті тарих пәнінің мұғалімі Қызыров А.М. 9 «А» сыныбында өткізілген «Жас тарихшы» зияткерлік сайысымен жалғады. Іс-шараның басты мақсаты оқушылардың білімін саралап, пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, сөйлеу, ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» озып шығып «Жас тарихшы» атағын алатын оқушыны анықтау болатын.
25 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жунусова М.Ш.
8 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен«Жұлдызды сәт» ойынын өткізді. Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сұрақтарға тез, дұрыс жауап беруді меңгерту, оқушылардың білімдерін шыңдап, ой-өрісін кеңейту.Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, ауызша, жазбаша сөздік қорларын дамыту; монологты сөйлеу шеберліктерін жетілдіру болатын.
26 қаңтар күні ағылшын тілі пәні мұғалімі Доспаева В.Т. 5 «А» сынып оқушылары үшін «Do you speak English?» атты байқау өткізілді. Бұл байқауда оқушылар екі турда бақтарын сынады: бірінші турда бағдарламаға сәйкес 20 сұраққа ауызша жауап берді, екінші турда жазбаша тапсырма, яғни, шет елдегі досыңа ағылшын тілінде хат жазды.
27 қаңтар күні тарих пәнінің мұғалімі Мухамажитов А.З. 5 «А» сыныбында "Елімнің тарихы менің тарихым" тақырыбына сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс-шара үш бөлімнен тұрады: «Өз елімнің тарихы», «Картадағы Қазақстан», және «Тарихи тұлғалар». Оқушылар іс-шараға белсене қатысып, өздерінің отанының тарихы туралы бастауыш сыныпта алған білімдерін, дүниетанымдарын шыңдады.
28 қаңтар күні ағылшын тілі пәні мұғалімі Доспаева В.Т. 11 «А» сынып оқушылары арасында «Are you perfect person?» атты дебат өткізді. Дебатта оқушылар екі топта «Ия», «Жоқ» деген тұжырымды ұстанып, өз пікірлерін анық әрі дәлелмен жеткізуге тиісті болды. Дебат тек ғана ағылшын тілінде өтті. Оқушылар үлкен қызығушылықпен қатысты, ең белсенді оқушылардың жұмыстары жоғары бағаланып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
29 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жунусова М.Ш. 5 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Эрудит» сайысын өткізді. Іс-шара барысында оқушылардың сұрақтарға тез жауап беруіне дағдыландырып, алған білімдерін пайдалана білуге жаттықтырылды. Негізгі мақсаты қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру. Ойлау қаблеттерін дамыта отырып, шапшаңдыққа, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Қорыта айтар болсам, жоспарланған іс-шаралар өз деңгейлерінде өтіп, күтілген нәтижелерге қол жеткізілді деп айтуға болады.