Текст
2021 жылы 3 ақпан күні 8 "Б" сыныбында география пәнінен Дерманская И.В "Елдер мен құрлықтарға саяхат" атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Ойын бес турдан құралды, тапсырма шарты бойынша шағын суреттелген елдің атауын тауып, қысқаша бейнеленіп , суреттелген қала атауларын тауып, дұрыс нұсқасын айту болды. Елдер мен олардың тағамдарын ұштастырып, сұрақтардың жауаптарын айту болды. Оқушылар география пәніне деген қызығушылықтарын жоғары дәрежеде көрсете алды.