Текст
Өзін -өзі тану пәні мұғалімі Ким Т.В 11 "Б" сыныбында "Отбасы негізгі құндылық" атты сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойында отбасына деген сүйіспеншілік, сыйластық қасиеттерін тәрбиелеу. Сабақта түрлі түсті қағаздар, коллаждар қолданылды. Оқушылар өз отбасы туралы әңгімеледі, сұрақтарға жауап берді, бақытты отбасы кодексін құрады, тақырыпқа сай ән орындалды.