2020-2021 оқу жылында Тасты-Талды орта мектебіне 45 жыл толды. Мерекелерге шектеу қойылып, тойланбауына байланысты, мектебіміздің «Мерей тойы» аталынып өтпеді. Осы орайда мектептің қоғамдық өміріне үнемі белсенділік танытатын, бастауыш сынып мұғалімі Есенгазина Ляззат Шукировна мерей той қарсаңында естеліктің болуын ойластыра келіп, тақырыпқа сай, ұлттық дәстүрдің көзі, ата –баба қазынасына жататын ұлттық өнерді дамытып, тақырыпқа сай өз шеберлігі мен шығармашылығын ұштастырып, кілем тоқып, мұражайға табыстады. Тоқылған кілем бейнелеуі және жарасымдығымен көптің көңілінен шығып, көз сүйсіндірді. Есенгазина Ляззат Шукировна он саусағынан өнер тамған, әрі белсенді, жанашыр педагог ретінде зор мадаққа лайық. Еңбегіңіз жана берсін, шеберлігіңіз шыңдала берсін дегіміз келеді.