Декада жұмысының нәтижесі.
Бүгін 9"Б"сыныбында гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігіне орай "Қызықты қазақ тілі әлемі"атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты; оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту.Іс-шара 7-айналымнан тұратын сайыс түрінде өтті.Сайыс барысында білімділікке, шапшаңдыққа,алғырлыққа жетелейтін әртүрлі тапсырмалар болды. Сайыс соңында Пак Дмитрий мен Одинаев Ринат өздерінің қарсылас топтан ілгері екенін білдіріп, жеңіске жетті.Барлық оқушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.
6 "Б" сыныбында орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Украинец Т.И оқушылар арасында пән бойыншы "Живая классика" атты қызықты викторина ұйымдастырды. Викторина бірнеше станциялардан құралды, әр станцияның өзіндік тапсырмаларына оқушылар үлкен қызығушылықпен жауап берді.
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Громина В.А 7 "Б" сыныбында "Improve your English" атты интеллектуалды марафон ұйымдастырды. Аталған іс-шара жету турдан құралып, лексикалық тапсырмаларды қамтыды. Сондай-ақ, іс шарада ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің тарихы, географиясы, салт-дәстүрлері туралы сұрақтар да болды.
Декада жұмысы жалғасуда.