08.01.2021жылы Жарқайың аудандық Білім бөлімінің Әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен өткен кеңесте Тасты-Талды орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Нуралина А.Т мен Мухамажитов А.З «Мектептегі әдістемелік бірлестіктің тиімділігін талдау» тақырыбында» баяндама жасады.
Баяндамада Тасты-Талды орта мектебінің Әдістемелік бірлестік тақырыбы: Жаңа білім мазмұны жағдайында біліктілік және педагогикалық шеберлік бәсекелесуге қабілетті білімнің негізін қалыптастыру және бірлестіктердің мақсаты мен міндеті туралы айтылды.
Сонымен қатар, мектептегі әдістемелік жұмыс біртұтас жүйе ретінде ұйымдастырылған жағдайда тиімді болатыны, мектептегі жұмысты басқару үшін міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін әдістемелік қызмет құрылғаны жайлы, пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында семинарлар, апталықтар, ашық сабақтар жоспар бойынша өтіп отыратынын слайд арқылы көрсетілді.
Әр Әдістемелік бірлестік жұмыс жоспары бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. Әдістемелік кеңестерде, бірлестік отырыстарында жаңа технологияларды, озат тәжірбелерді игерудің жолдары талданып, тәжірибеге енгізу жолға қойылғаны айтылып, Тасты-Талды орта мектебінің 1-ші жартыжылдық бойынша білім сапасының көрсеткіштері айтылды.